ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 262 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.
Елшіліктің мекен-жайы: Баку қ., Наджифоглу Рафиева көш, 14 үй.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 262 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Әзербайжан Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді:
- аты-жөні;
- туған күні;
- жеке сәйкестендіру нөмірі;
- тұратын мекенжайы;
- байланыс деректері
baku@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен жіберу немесе онлайн сауалнаманы толтыру алдын ала қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
- +994-50-875-88-08;
- +994-51-255-78-64;
- +994-50-988-08-46.
Сайлау учаскесіне келген кезде қолданыстағы карантиндік жағдайлар мен коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимылға байланысты медициналық-профилактикалық ережелерді сақтауды сұраймыз.