Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Әзербайжандағы шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен Әзербайжан арасында визасыз режим.
  • ҚР азаматтары 30 күнге дейін тіркеусіз бола алады, мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 180 күнтізбелік күн ішінде жалпы 90 күн.
  • Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары: шетелдік паспорт, дипломатиялық паспорт, қызметтік паспорт болып табылады.

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек.

Кедендік бақылау:

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

  • Әзербайжанда 2025 жылғы 1 шілде сағат 06:00-ге дейін ұзартылған арнайы карантиндік режим жалғасуда. Шетелдік азаматтар үшін келесі кіру ережелері қолданылады:

  • Әзербайжанға кіру
    Тек әуе көлігімен рұқсат етіледі. Құрлық шекаралар жабық. Кіру және шығу тек елдің халықаралық әуежайлары арқылы мүмкін.

  • Кіру кезіндегі талаптар
    COVID-құжаттары талап етілмейді: 2023 жылғы 28 наурыздан бастап вакцинация туралы сертификаттарды, ПТР-тест нәтижелерін ұсыну және карантиннен өту бойынша талаптар жойылды. Сондай-ақ, COVID төлқұжаты немесе басқа растайтын құжаттар қажет емес.
    Бетперде режимі: міндетті түрде маска киюден бас тартылады, бірақ оларды әуежайлар мен қоғамдық көліктер сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде пайдалану ұсынылады.

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Әзербайжанда болу кезінде сіз оның заңдарына бағынасыз, оларды қатаң сақтауға міндеттісіз; қабылдаушы елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды.
  • Жалпы қабылданған этика және мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға бейімдеңіз және жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді құрметтеңіз.
  • Шет тіліндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін білу сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді және жергілікті тұрғындардың көңілінен шығады.
  • Ел туралы көбірек біліңіз: саяси жағдай, климаттық жағдайлар, заңдар мен ұлттық дәстүрлер, қоғамдық және басқа жерлерде мінез-құлық ерекшеліктері.

Пайдалы ақпарат:

  • Мобильді навигаторларды алдын ала орнатыңыз Google maps Waze
  • Электрондық төлем жүйелерінің ерекшеліктері жоқ
  • Банк карталарымен төлеу ерекшеліктері жоқ
  • Туристік СИМкарталарды сатып алу мүмкіндігі бар
  • VPN орнатудың қажеті жоқ

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Шетелге шығатын ҚР азаматтарына арналған жадынама
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары