Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

 

Екі елдің тығыз саяси және экономикалық диалогымен қатар мәдени-гуманитарлық, ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.

Қазақстанда 2010 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алиев атындағы орталық жұмыс істейді. 2011 жылдың мамыр айынан бастап Баку мемлекеттік университеті жанындағы Абай Құнанбаев атындағы Қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығы жұмыс істейді.

Тұрақты түрде түрлі концерттер, "дөңгелек үстелдер", халықаралық конференциялар, презентациялар, көрмелер, шығармашылық кездесулер және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

2019 ж. 15 наурызда ӘР Ұлттық консерваториясында Қазақстан композиторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Мұхамеджановтың және Қазақстан мен Татарстан халық әртісі Н.Үсенбаеваның шығармашылық кездесуі өтті. Іс-шараны ҚР-дағы Елшілігі ұйымдастырды.

2019 жылғы 10 сәуірде ҚР Елшілігінің қолдауымен Әзербайжан М.Магомаев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында қазақстандық музыкалық Mezzo тобының алғашқы жеке концерті өтті.

2019 жылы 24-27 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы делегациясының Әзербайжанға сапары өтті, оның аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Гейдар Алиев қоры, сондай-ақ ӘР әлеуметтік зерттеулер орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

2019 жылы 4-6 қыркүйекте Ар Жазушылар одағының төрағасы А.Рзаев бастатқан Әзербайжан делегациясы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Азия елдері жазушыларының бірінші форумына қатысты.

ҚР Елшілігінде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған "дөңгелек үстел" өтті.

2019 жылы 27 қыркүйекте М.Ф.Ахундов атындағы Әзербайжанның Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениет орталығы ашылды. Жобаны Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жүзеге асырды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында елшілік бастамасымен 2019 жылдың желтоқсанында Баку Славян университетінің профессоры, ф.ғ.д. Н.Мамедовтың "Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы: дәстүрден жаңашылдыққа" атты кітабы жарық көріп, 2020 жылғы 9 желтоқсанда таныстырылды.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Әзербайжанның жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық белсенді дамып келеді, ҚР мен ӘР білім беру мекемелерінде оқу және ғылыми тағылымдамадан өту үшін екі елдің студенттерімен тұрақты негізде алмасу жүргізілуде. Сонымен қатар, қазақстандық спортшылар мен шығармашылық ұжымдар Әзербайжанда ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға белсенді қатысады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы
Роза Бағланова
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары