Эллинико–Аргируполиде Қазақстанмен әріптестікті нығайту перспективалары талқыланды

Эллинико–Аргируполиде Қазақстанмен әріптестікті нығайту перспективалары талқыланды

Афины, 2025 жылғы 17 наурыз — Грекиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Сұлтанғожин мен Эллинико–Аргируполи әкімі Яннис Константатос екі елдің аймақтары мен қалалары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ әртүрлі салалардағы серіктестікті нығайту жолдарын талқылады. Кездесу барысында туризм, мәдени алмасулар, көлік және логистика, қалалық ортаны дамыту және «ақылды» инфрақұрылымды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Эллинико–Аргируполи мен Астана қаласының Есіл ауданы арасындағы табысты ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөлінді, ол аймақаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға негіз қалады. Талқылау аясында тараптар Есіл ауданы әкімінің Грекияға жасайтын алдағы жауапты сапары туралы хабарлады. Бұл сапар экономикалық байланыстарды нығайтуға, мәдени және білім беру салаларындағы бірлескен бағдарламаларды дамытуға, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік бастамалар бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған.

Эллинико–Аргируполи әкімі Яннис Константатос екі елдің жергілікті билік органдары күш-жігерін бірлесіп жұмсауға мүмкіндік беретін ортақ жобалар алаңын құрудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, «Новый город Элинико» жобасы Астанамен қалалық жоспарлау және тұрақты даму саласында тәжірибе алмасудың, сондай-ақ «ақылды қала» технологияларын әзірлеп енгізудің бірегей мүмкіндігі ретінде қарастырылып отыр. Жоба сәулет, көлік логистикасы және экология саласындағы үздік тәжірибемен бөлісу арқылы өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісіне айналмақ.

Тараптар көрмелер, фестивальдер мен білім беру алмасуларын қамтитын бірлескен мәдени және оқу бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігін де талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі жандандырып, тұрақты даму мен жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы достық байланыстарды нығайтуға даяр екенін растады.