Қазақстан мен Грекия мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Грекия мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Арнея, 2024 жылғы 11 тамыз – Аристотель муниципалитеті (Халкидики) мен Алматы қаласы арасында нетворк орнату бастамасын іске қосу рәсімі өтті.

Іс-шара ежелгі грек философы Аристотельді және оның шәкірті Ескендір Зұлқарнайынның Азияға сапарын марапаттауға арналған «Aristotelous events» мерекеу шаралары аясында өтті.

Бастама дәстүрді, музыка мен аспаздықты дәріптеу арқылы Қазақстан мен Грекияның екі өңірі арасындағы мәдениет, туризм және білім беру саласында ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Ағымдағы жылғы 10 тамызда бүкіл әлем бойынша атап өтіліп жатқан Абай күнінде «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Аристотельдің туған жері болып табылатын Стагира қаласында дала әуендерін орындады.

Абай Аристотельдің әмбебап құндылықтарын жырлап, қазақ әдебиетінде Ескендір Зұлқарнайынның өмірі туралы сюжетті енгізгені концертке ерекше символизм берді

Аристотель Муниципалитетінің мэрі Стелиос Валианос философ Аристотель Грекияның әлемдік қоғамдастыққа қосқан мәдени үлесінің ең үлкен елшісі болып қала береді деп мәлімдеп, оның мұрасы Қазақстан мен Грекияның арасында мәдениет пен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға көпір болады деп үміт білдірді.