
Ү.ж. 14 қарашада ҚР-дың Грекия Республикасындағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Грекияның Даму министрі Константинос Скрекаспен кездесу өткізіп, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін талқылады.
Елші Е.Баударбек-Қожатаев сұхбаттасушыны 2023 жылдың ішіндегі екіжақты қарым-қатынастардың дамуы туралы, сонымен қатар Қазақстанда экономикалық және саяси салаларында жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етті.
Министр К.Скрекас Грекияда жасыл экономикаға көшу аясында жыл сайын қуаты 2 мегаватт баламалы энергия көздерінен энергетикалық жобаларының іске қосылып жататынына назар аудара отырып, грек экономикасы үшін жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы басымдықтың бар екенін атап өтті.
Бұл ретте, К.Скрекас Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы шикізаттың тұрақты құн тізбегін құру, аккумуляторлық батареялар және жасыл сутегі саласындағы Стратегиялық әріптестік туралы меморандум төңірегіндегі жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендігін растады. Екіжақты сауда аясында, Министр, тауар айналымының тармақтарын әртараптандырудың және әртүрлі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өнімдер түрлерінің көлемін арттырудың маңыздылығы мен өзектілігіне назар аударды.
Сонымен қатар, Елші сұхбаттасушыны Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланыстары жөніндегі ЕҚДБ мен Еуропалық комиссия жүргізген зерттеуінің нәтижелерімен таныстырды.