Афинадағы Кеңес солдатының ескерткішіне гүл қою рәсімі

Афинадағы Кеңес солдатының ескерткішіне гүл қою рәсімі

2020 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысында жеңістің 75-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі А.Волков, сондай-ақ Елшіліктің дипломатиялық құрамы Афина қаласында орналасқан Кеңес солдатының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Көп ұлтты Қазақстан халқы фашизммен күреске қомақты үлес қосты. 6 млн. 200 мың қазақстандықтардың ішінен Екінші дүниежүзілік соғыс майданына 1 млн. 200 мыңға жуық адам шақырылды, 700 мыңнан астам адам қорғаныс кәсіпорындарында еңбек вахтасын атқарды. Қазақстан аумағында 12 атқыштар және 4 кавалерия дивизиялар, 7 атқыштар бригадалар, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар құрылды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында ҚР Елшісі А.Волков Каллитея астаналық ауданы Муниципалдық кеңесінің төрағасы Г.Кириакопулуспен сұхбаттасты. Тараптар бірлескен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, карантиннен кейін кезеңдегі ынтымақтастық перспективаларын белгіледі.