ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Грекияның Азаматтық қорғау бас хатшылығы алдағы күндері елдің көптеген аймақтарында өрттің пайда болу қаупі өте жоғары (4-санаттағы дабыл) деп жариялады.

Грекияда тұрақты немесе уақытша негізде тұратын ҚР азаматтары өрт қаупі картасына сәйкес - https://civilprotection.gov.gr/ қауіпті деп жарияланған аудандарға барудан бас тарту керек және жергілікті БАҚ хабарламалары мен төтенше жағдайлар туралы ескертулерді мұқият қадағалап отыруы керек.

Төтенше жағдай орын алған уақытта Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөліміне келесі телефон арқылы хабарласу қажет - 30 210 651 56 43.