
2020 жылдың 5 наурызында Афинадағы Қазақстанның Елшілігі Грекияның Жалпы мемлекеттік мұрағаттарының басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елшілік өкілі Тимур Сұлтанғожин және Грекияның Жалпы мемлекеттік мұрағаттар инспекциясының директоры Никос Карапидакис пен Жалпы мемлекеттік мұрағаттардың бас директоры Амалия Паппа екі ел арасында мұрағат ісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты орнату мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, Қазақстан мен Грекияның тарихы мен мәдениетін болашақта бірлесіп зерттеу үшін, әсіресе екі елдің мұрағаттарында өзара қызығушылық тудыратын көптеген мәліметтердің бар болуына назар аудара отырып, тараптар тиісті құқықтық негіз құру мүмкіндігін талқылады.