
2020 жылдың 27 ақпанында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Волковтың Ахарнес қаласының мэрі Спиридон Вреттоспен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар мэриямен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Шымкент пен Ахарнес бауырлас қалалар арасындағы байланыстарды нығайту талқыға салынды. Осы орайда, А. Волков 2020 жылғы 20 наурызда өткізілуге жоспарланған Шымкент қаласын ТМД-ның мәдени астанасы ретінде жариялау рәсімі туралы контрәріптесін хабардар етті. Елші қала әкімі М.Әйтеновтің аталған рәсімге қатысу үшін Шымкент қаласына келуге шақыруын ұсынды.
Сонымен қатар, Елшіліктің Ахарнес қаласының мэриясымен бірлесе отырып, бірқатар мәдени шараларды өткізу мәселелері талқыланды.
Кездесудің соңында тараптар Елшілік пен мэрияның арасындағы тұрақты байланыстарын қолдауға келісті.