Қазақстанның Елшісі Күншығыс елінің мемлекеттік наградасын иеленді

Қазақстанның Елшісі Күншығыс елінің мемлекеттік наградасын иеленді

Жапония Үкіметі Ұлы Мәртебелі Император Нарухитоның атынан Қазақстанның  Грекиядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевты «Күншығыс, Алтын және Күміс Жұлдыз орденімен» марапаттады.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің сайтында отандық дипломаттың Қазақстан мен Жапония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге қосқан үлесі үшін марапатталғаны атап көрсетілген.

Е. Баударбек-Қожатаев 2016-2021 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшісі болып, 2017-2021 жылдар аралығында Жапонияның Токай университетінде шақырылған профессор қызметін атқарған. Елші жапон және ағылшын тілдерін меңгерген.