Ауылшаруашылығы және азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық-грекиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ауылшаруашылығы және азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық-грекиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Грекияның Ауылшаруашылық даму және азық-түлік министрі Спилиос Ливаноспен кездесті.

Кездесу барысында ауылшаруашылық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық және сауда байланыстарын көтеру, аграрлық секторда озық тәжірибе алмасуды жолға қою мәселелері талқыланды.

Қазақстандық өнімдерді Грекияның нарығына шығару перспективаларына, тауарлық баптарды анықтау, сондай-ақ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін жаңғырту мүмкіндіктерін талқылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр зәйтүн майын, фета ірімшігін, балық пен теңіз өнімдерін, жемістер мен көкөністерді өндіретін танымал грек брендтерінің тауарларын экспорттық баптар тізіміне енгізу мүмкіндіктері арқылы Қазақстанға грек экспортын кеңейту бойынша мүдделілік танытты. Сонымен қатар, Министр Грекияның Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламасымен, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздік пен тамақтандырудың негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Оған қоса, әңгімелесуші тарап Елшінің өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған Қазақстан мен Грекия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мүмкіндіктерін зерделеу қажеттілігі туралы пікірін қолдады.