Қазақстанның Eлшісі «SABO S.A.» компаниясына барып қайтты

Қазақстанның Eлшісі «SABO S.A.» компаниясына барып қайтты

2021 жылғы 22 қыркүйекте Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Халкида қаласындағы (Орталық Греция өңірі) «SABO S.A.» грек компаниясының офисі мен өндірістік аймақтарын аралады.

Қазақстанның Елшісі мен компания президенті Димитрис Килиарис Қазақстандағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

«SABO S.A.» компаниясы Қазақстанның Көкшетау қаласындағы кірпіш зауытын жаңғырту жобасын сәтті жүзеге асырып, Шымкент қаласындағы зауытты  жаңғырту, сондай-ақ Семей, Өскемен және Ақтөбе қалаларындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттары үшін өндірістік қуаттылығы жылына 260 мың тонна қатты қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін автоматтандырылған желілерді монтаждау және орнату бойынша жобаларды аяқтауға жақын.