
Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев ү.ж. 7 қыркүйекте Грек Республикасының Президенті Катерина Сакелларопулуға сенім грамоталарын табыстады.
Салтанатты рәсімінен кейін өткен екіжақты кездесу барысында Қазақстан Елшісі Грекия Президентін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында ұсынған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.
Сұхбат барысында Ауғанстандағы жағдайды реттеу бағытындағы Қазақстанның жәрдемдесу рөліне, сондай-ақ БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясы (UNAMA) мен БҰҰ-ның басқа мекемелерінің персоналын Қазақстанда уақытша орналастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
К.Сакелларопулу Қазақстандағы грек диаспорасының басқа ұлттармен бірге бейбіт және тату өмір ортасында сүріп жатқан этносаралық келісім үйлесімділігін жоғары бағалады.