
2021 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Алексей Волков, сондай-ақ Елшіліктің дипломатиялық құрамы Афинада орнатылған Кеңес солдатының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Бұл рәсім Грекия астанасында екінші жыл қатарынан коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шеңберінде енгізілген шектеу шаралары аясында өтіп жатыр. Іс-шараға тиісті қауіпсіздік хаттамаларын сақтай отырып, Каллифея муниципалитетінің мэрі Д. Карнавос, сондай-ақ Грекия дипломатиялық корпусының мүшелері қатысты.
Бұл күні қазақстандық дипломаттар фашизмге қарсы күреске баға жетпес үлес қосқан миллиондаған отандастардымызды дәстүрлі түрде еске алды. Сол кездегі республикамыздың 6 млн тұрғынының бестен бірі екінші дүниежүзілік соғыс майданына шақырылғаны белгілі, 700 мыңнан астам адам қорғаныс кәсіпорындарында еңбек вахтасын атқарды. Қазақстан аумағында 12 атқыштар және 4 кавалерия дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар құрылды.