
Құрметті сайлаушылар!
2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.
ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «NurOtan» партиясы - 126 адам; «ADAL» Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы» - 113 адам.
Сайлау алдындағы бағдарламалары мен саяси партиялар кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестесі Елшіліктің веб-сайты арқылы қолжетімді.
Атап өтерлігі, Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі жанындағы №276 сайлау учаскесінің сайлаушылары тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің +30 210 65 15 643 телефоны және athens@mfa.kz электрондық поштасы арқылы біле аласыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 2021 жылғы 10 қаңтар күні Ymittou 122, Papagou 15669, Athens мекенжайында, №276 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.