Қазақстан мен Грекия арасында төмендегі мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық шарттар қолданылады:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктерді халықаралық көлікпен тасымалдау туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грек Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелері үшін визалық талаптарды жою туралы келісім .