Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдету Афинада талқыланды

Афина, 2025 жылғы 11 маусым — Грек Республикасының инвестицияларды және экспортты қолдау жөніндегі ұлттық агенттігі Enterprise Greece-тің штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин агенттіктің Бас атқарушы директоры Маринос Яннопулоспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған кең ауқымды мәселелерді талқылады. Алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлар аясында бизнес-форум ұйымдастыру және грек компаниялары делегациясының Қазақстанға сапарын өткізуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі, биотехнология, электроника, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар және инновациялар тәрізді перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Келіссөздердің қорытындысында тараптар практикалық ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілігін растап, қазақстан-грек экономикалық байланыстарын әртараптандыруға және кеңейтуге бағытталған нақты жобаларды іске асыруға даяр екендіктерін білдірді.

 

Анықтама: Enterprise Greece — Грекия Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты ұлттық агенттік, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және грек экспортының халықаралық нарықтарға жылжытылуы үшін жауап береді.

2022 жылы Enterprise Greece пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, бұл Қазақстан мен Грекия арасындағы серіктестікті кеңейтуге қосымша институционалдық негіз қалады.

Дата публикации
11 июня 2025
Дата обновления
11 июня 2025
Тип

Сейчас читают

21 января 2026
«QazETA» Шетел азаматтарына арналған цифрлық платформа
11 июня 2025
Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдету Афинада талқыланды
Ақпарат
04 июня 2025
Консулдық мәселелер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары