Меню

Страницы

Статья

Азаматтарға арналған жадынама

Азаматтарға арналған жадынама

Құрметті Қазақстан Республикасы азаматтары!

Осы жадынама ҚР азаматтарына арналған және Грек Республикасына шығатындар үшін жалпы ережелер мен практикалық ұсынымдарды қамтиды. Оларды сақтау шетелге шыққанда қиындықтарға тап болудан сақтануға көмектеседі.

Сапар ережесі:

Қазақстан мен Грекия арасында визалық режим қолданылады.

Паспорттың қолданылу мерзімі:

Паспорттың қолданылу мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай болуы қажет.

Кедендік бақылау:

Грекия Елшілігінің сайтынан қараңыз: сілтеме

Медициналық сақтандыру:

Сапар уақытына медициналық сақтандыру полисін шетелде рәсімдеу: бұл күтпеген жағдайлар кезінде сақтандыру өтемақысын алуға және жоспарланбаған медициналық шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.

«Туристің міндетті сақтандыруы»

Эпидемиологиялық жағдай:

-

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

- Грекияда жүрген кезде Сізге сол елдің заңдары қолданылады. Өзге мемлекетте болу Сізді бұл заңдарды сақтаудан босатпайды.
- Жергілікті заңдарды, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді құрметтеңіз.
- Негізгі шетел сөздері мен тіркестерін білу елде жүруді жеңілдетеді әрі жергілікті тұрғындармен қатынаста жағымды әсер қалдырады.
- Ел жайлы қосымша ақпаратпен танысыңыз: саяси ахуал, климаттық ерекшеліктер, қоғамдық орындардағы тәртіп пен киім кию мәдениеті.

Пайдалы ақпарат:

- Роумингке арналған мобильді карталар ерекшелігі – Cosmote, Vodafone.
- Электрондық төлем жүйелері – кез келген банк картасы жарамды.
- Банк карталарын пайдалану – Visa, Mastercard, Maestro.
- SIM-карта сатып алу немесе роумингті қосу қажеттілігі.

Егер оқу, жұмыс не тұрақты тұру мақсатында шықсаңыз:

Шетелге шықпас бұрын құжаттарды заңдастыру немесе апостиль қою қажет. Бұл – оқу туралы дипломдар, куәліктер, некеге тұру туралы немесе мүлікке қатысты құжаттар. Бұл құжаттар АХАТ органдары арқылы рәсімделеді.

Консулдық есепке тұру туралы:

Шетелге оқуға, жұмыс істеуге немесе тұрақты тұруға барған азаматтарға жақын жердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне есепке тұру ұсынылады.

Консулдық есепке тұру – елге бармай-ақ бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі (сайлау және референдумдарға қатысу, паспорт алу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ төтенше жағдайда (соғыс, тәртіпсіздік, табиғи апат) Сіздің құқықтарыңызды қорғауға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау органдары ұстаған жағдайда:

- Егер құқық қорғау органдары ұстаған болса (жол-көлік оқиғасы, әкімшілік бұзушылық және т.б.), Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің қызметкерімен байланысыңыз.
- Қазақ консулы қатыспайынша, ешқандай хаттамаға немесе өзге құжатқа қол қоймаңыз.

Сәтті сапар тілейміз!

Дата публикации
04 июня 2025
Дата обновления
04 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 января 2026
«QazETA» Шетел азаматтарына арналған цифрлық платформа
11 июня 2025
Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдету Афинада талқыланды
Ақпарат
04 июня 2025
Консулдық мәселелер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары