Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы азаматының паспорт ауыстыру туралы ақпарат

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. еркін нысанда жазылған өтініш;
  2. туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған балаға паспорт алған кезде);
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
  4. мөлшері 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі – см) төрт түрлі түсті фотосурет (фотосурет көрсетілген қызметті алушының құжатын ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, әр адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75% – ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);
  5. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алған кезде (Қазақстан Республикасының азаматтығын дәлелдеген кезде) – 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы КСРО);
  6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алғаш рет алған кезде (Қазақстан Республикасының паспорты азаматтығын дәлелдеген кезде) – жалпы шетелдік (бұрынғы КСРО) паспорт;
  7. тұрғылықты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  8. егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болу елінің заңнамасында көзделсе, болу еліндегі құзыретті органнан алған азаматтығының жоқ екені туралы анықтама.
  9. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Дата публикации
19 июня 2020
Дата обновления
19 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 января 2026
«QazETA» Шетел азаматтарына арналған цифрлық платформа
11 июня 2025
Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдету Афинада талқыланды
Ақпарат
04 июня 2025
Консулдық мәселелер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары