Меню

Страницы

Статья

Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал өлі бала туылған жағдайда туған сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей:

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
  3. ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (тұпнұсқасын салыстырып тексеру үшін);
  4. туу туралы медициналық куәлік немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;
  5. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

  1. ата-анасының еркін нысандағы жазбаша түсініктемесі;
  2. тиісті әкімшілік аумақтық бірлік органының туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама;
  3. баланың денсаулығы туралы анықтама.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 января 2026
«QazETA» Шетел азаматтарына арналған цифрлық платформа
11 июня 2025
Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдету Афинада талқыланды
Ақпарат
04 июня 2025
Консулдық мәселелер

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары