Азаматтарға арналған жадынама
Құрметті Қазақстан Республикасы азаматтары!
Осы жадынама ҚР азаматтарына арналған және Грек Республикасына шығатындар үшін жалпы ережелер мен практикалық ұсынымдарды қамтиды. Оларды сақтау шетелге шыққанда қиындықтарға тап болудан сақтануға көмектеседі.
|
Сапар ережесі: |
Қазақстан мен Грекия арасында визалық режим қолданылады. |
|
Паспорттың қолданылу мерзімі: |
Паспорттың қолданылу мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай болуы қажет. |
|
Кедендік бақылау: |
Грекия Елшілігінің сайтынан қараңыз: сілтеме |
|
Медициналық сақтандыру: |
Сапар уақытына медициналық сақтандыру полисін шетелде рәсімдеу: бұл күтпеген жағдайлар кезінде сақтандыру өтемақысын алуға және жоспарланбаған медициналық шығындардан сақтануға мүмкіндік береді. |
|
Эпидемиологиялық жағдай: |
- |
|
Қалыптасқан тәртіп нормалары: |
- Грекияда жүрген кезде Сізге сол елдің заңдары қолданылады. Өзге мемлекетте болу Сізді бұл заңдарды сақтаудан босатпайды. |
|
Пайдалы ақпарат: |
- Роумингке арналған мобильді карталар ерекшелігі – Cosmote, Vodafone. |
|
Егер оқу, жұмыс не тұрақты тұру мақсатында шықсаңыз: |
Шетелге шықпас бұрын құжаттарды заңдастыру немесе апостиль қою қажет. Бұл – оқу туралы дипломдар, куәліктер, некеге тұру туралы немесе мүлікке қатысты құжаттар. Бұл құжаттар АХАТ органдары арқылы рәсімделеді. |
|
Консулдық есепке тұру туралы: |
Шетелге оқуға, жұмыс істеуге немесе тұрақты тұруға барған азаматтарға жақын жердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне есепке тұру ұсынылады. |
|
Құқық қорғау органдары ұстаған жағдайда: |
- Егер құқық қорғау органдары ұстаған болса (жол-көлік оқиғасы, әкімшілік бұзушылық және т.б.), Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің қызметкерімен байланысыңыз. |
Сәтті сапар тілейміз!