
2017 ж. 24 мамырда Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Ахарнэ қаласында «Анаға апарар жол» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
2018 ж. 18-19 мамырда ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі «Амфиония» атты алғашқы Афиналық әскери-музыкалық фестиваліне қатысты.
2018 ж. 12 қазанда Афинада Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» кітабы негізінде түсірілген қазақстандық режиссер Е.Тұрсыновтың «Шал» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
2019 ж. 5 сәуірде «Қазақстан-Грекия» конференциясы аясында Афинада «Қазақстанның Ұлттық кітапханасында сақталған грек тіліндегі кітаптар каталогының» тақырыптық тұсаукесері өтті.
2019 ж. 25 тамызда Афинада «Абай — ұлы дала ақыны» атты әдеби кеш өтті.
2019 ж. 11 қарашада Афинада «Ұлы дала: тарих пен мәдениет» көрмесінің ашылуы өтті (Алтын адамның әлем мұражайларына шеруі).
2020 ж. 30 қарашада ҚР Грекиядағы Елшілігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бейнеролик дайындап шығарды.
2021 ж. 14 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Афинадағы ҚР Елшілігінің жаңа ғимаратында Грекияның СІМ басшысы Н.Дендиастың қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
2022 ж. 27 қазанда Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Ахарнэ қаласында монумент ашылды.