Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Eкіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы (ҚР) мен Грек Республикасы (ГР) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 6 қазанда орнатылды.

1997 ж. ақпанда Қазақстанда Грекияның Елшілігі ашылды.

2005 ж. 13 қаңтарда Грекияда Қазақстанның Дипломатиялық миссиясы ашылды, ол 2009 ж. 22 мамырда Елшілік болып қайта құрылды. 

2025 ж. қаңтарда бастап Қазақстанның Грекиядағы Елшісі болып Т.Сұлтанғожин тағайындалды.

2026 ж. қаңтарда бастап Қазақстанның Грекиядағы Елшісі болып А.Катзуру табылады.

 

Саяси ынтымақтастық

Аса жоғары деңгейдегі байланыстар:

ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Грекияға 2001 ж. шілдеде мемлекеттік сапармен және 2004 ж. тамызда Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу мақсатында келді.

2002 ж. маусымда Грекияның Президенті К.Стефанопулос Қазақстанға ресми сапармен келді.

2024 жылғы 13 қарашада Бакуде (Әзербайжан) өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына Тараптар конференциясы (COP29) аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакиспен кездесу өткізді.

Жоғары деңгейдегі байланыстар:

2009 ж. 27-28 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі М.Тажиннің Грекияға сапары өтті.

2009 ж. 1-2 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Грекияның төрағалығымен Афинада өткен ЕҚЫҰ СІМК-тің 17-ші отырысына қатысты.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Грекияның Премьер-министрі Дж.Папандреу Астанада өткен ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының саммитіне қатысты.

2011 ж. 19-24 қыркүйек аралығында Нью-Йорктегі БҰҰ БА-ның 66-шы сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхан Грекияның Сыртқы істер министрі С.Ламбринидиспен екіжақты кездесу өткізді.

2013 ж. 26 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ БА-ның 68-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Грекияның Вице-премьері – Сыртқы істер министрі Е.Венизелостың кездесуі өтті.

2018 ж. 24 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ БА-ның 73-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов пен Грекия Сыртқы істер министрі Н.Котзиастың кездесуі өтті.

2021 ж. 2 желтоқсанда Стокгольм қаласында ЕҚЫҰ СІМК-тің 28-ші отырысы шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді Грекияның Сыртқы істер министрі Н.Дендиаспен кездесті.

2022 ж. 5-6 желтоқсанда Грекияның Сыртқы істер министрі Н.Дендиас Қазақстанға сапармен келді. 

2025 ж. 4 желтоқсанда Вена қаласында (Австрия) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 32-ші отырысы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грекия Республикасының Сыртқы істер министрі Г. Герапетритиспен кездесу өткізді.

 

Парламентаралық ынтымақтастық 

2009 ж. 9-12 қазанда ҚР Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ ПА Вице-президенті Қ.Тоқаев Афинадағы ЕҚЫҰ ПА-ның отырысына қатысты.

2016 ж. 16-22 наурызда парламенттік достық тобының мүшесі, "Жаңа демократия" партиясының Парламент депутаты М.Воридис кезектен тыс парламенттік сайлауда ЕҚЫҰ ПА-ның бақылаушысы ретінде Қазақстанға келді.

2016 жылғы 1 маусымда Грекия Парламентінің депутаты М.Воридис "Терроризмге қарсы діндер" атты халықаралық конференцияға қатысу үшін Астанаға келді.

2017 ж. 19-20 қазанда «Қазақстан-Грекия» парламентаралық достық тобының тең төрағасы А.Тасболатов және достық тобының мүшесі А.Қоңыров жұмыс сапарымен Грекияға келді.

2019 жылғы 23-25 қыркүйекте Парламент депутаты И.Саракьотис Еуразия елдерінің Парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келді.

2017 ж. 19-20 қазанда «Қазақстан-Греция» парламентаралық достық тобының тең төрағасы А. Тасболатов пен достық тобының мүшесі А. Қоңыров жұмыс сапарымен ГР-ге барды.

2025 жылғы 24-25 маусым күндері «Қазақстан–Грекия» парламентаралық достық тобының тең төрағасы Е. Сиригостың жетекшілігімен Грекияның парламенттік делегациясы Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары