Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі конференциясына қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ, ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадықов, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Ахмад Саидмуродзода, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, РФ Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев, РФ Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары Алексей Шевцов, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ мүше мемлекеттердің дипломаттары, ғалымдары, сарапшылары қатысты.
Өз сөзінде Елші қазіргі заманғы қиындықтар мен қауіп-қатерлер қатарында халықаралық терроризм мен экстремизмді, трансшекаралық қылмысты, киберқауіптер мен ақпараттық шабуылдарды, климаттық және техногендік тәуекелдерді атады. Оның айтуынша, оларға қарсытиімді төтеп беру тек кооперацияны нығайту арқылы ғана мүмкін болады, және, бұл ретте ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ-ның қосатын үлесі өте өзекті әрі айқын. Д. Абаев қауіпсіздік мәселелері бойынша осы ұйымдардың өзара іс-қимылын арттыру мақсатында бірнеше бағытқа назар аударуды ұсынды. Олардың қатарында – қауіп-қатерлерді бағалауды жүйелі түрде салыстыру, қолданыстағы келісімдер шеңберінде ақпарат алмасуды жетілдіру, цифрлық ортадағы алаяқтыққа және басқа да қауіптерге қарсы іс-қимыл жасау, шекара қауіпсіздігі және дағдарыстарға дайын болу, табиғи апаттардың алдын алу және су тәуекелдерін азайту бойынша ынтымақтастық.
Елші Орталық Азиядағы қауіпсіздік өңірмен тарихи және географиялық тұрғыдан тығыз байланысты Ауғанстандағы оқиғалардың дамуымен тікелей байланысты екенін еске салды. «Қазақстан көршілерімен жақсы қарым-қатынасты қолдайтын және өңірлік экономикалық диалогқа белсенді қатысатын бейбіт, біртұтас және тұрақты Ауғанстанға мүдделі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, тұрақты Ауғанстан өңірлік қауіпсіздіктің негізгі факторы болып табылады. Қазақстан Ауғанстанды көмек алушыдан өндірушіге және транзиттік торапқа айналдыруға бағытталған прагматикалық ынтымақтастық стратегиясын дәйекті түрде іске асыруда», - деп атап өтті Д.Абаев.
Қорытындылай келе, Елші Еуразияның тұрақтылығы біздің елдеріміздің әрқайсысының тұрақтылығы баршаның тұрақтылығының шартына айналатын қауіпсіздік кеңістігін құруға дайындығымен анықталатынын баса айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті.
Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды.
Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.
akorda.kz
Мәскеуде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы бизнес-семинар барысында ҚР-ның РФ-дағы Елшісі Дәурен Абаев Ресеймен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті. Ағымдағы жылдың 7 айында өзара тауар айналымы $15,9 млрд. құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға артық. Соңғы 20 жылда ресейлік инвесторлар Қазақстанға шамамен - $31 млрд., қазақстандықтар Ресейге $9,2 млрд. салған.
Іскер топтар мен банк секторының өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Д.Абаев Қазақстанда инвесторларды қолдаудың кешенді жүйесі құрылғанын: жобаларды үш деңгейлі сүйемелдеу, Инвестициялық штаб, Инвестициялық омбудсмен институты және «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтінін атап өтті.
Қолданыстағы заңнама аясында инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары - салықтық жеңілдіктер, кедендік баждардан босату, заттай гранттар беру түріндегі преференциялар ұсынылады.
Елші Қазақстанның жаңа Салық кодексінің қолданылуы және ресейлік компаниялардың елдегі жұмысының артықшылықтары туралы айтып берді.
Сөзін қорытындылай келе, Д.Абаев бизнес қауымдастығы мен банк секторының өкілдерін Қазақстандағы өзара тиімді жобаларға қатысуға шақырды.
Ставрополь өлкесімен екіжақты қарым-қатынастарды дамыту және кеңейту аясында Қазақстан Республикасының Астраханьдағы Бас консулы Қанат Хасеновтың Ставрополь қаласына жұмыс сапары өтті.
Сапар барысында Ставрополь өлкесі Үкіметі төрағасының орынбасары Николай Афанасов бастаған өңір Үкіметінің мүшелерімен кездесу өтті. Аймақаралық Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл және жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар агроөнеркәсіптік кооперацияны нығайтуға, өзара сауда номенклатурасын кеңейтуге және бизнес арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға деген өзара көзқарасты растады.
Сондай-ақ, «Ставрополь өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағының президенті Борис Оболенцпен және экспортқа бағдарланған кәсіпорындармен кездесу өтті. Келіссөздер шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымына қолжетімділік пен қолданыстағы инвестициялық қолдау шаралары егжей-тегжейлі ұсынылды. Өңірдің бизнес қауымдастығы Қазақстан нарығына шығуына үлкен қызығушылық танытты.
Содан кейін Қанат Хасенов аймақтағы ең ірі білім беру мекемесі - Солтүстік Кавказ федералды университетіне барып, оның басшылығымен кездесті. Академиялық және гуманитарлық әріптестікті дамыту салалары, соның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы алмасулар мен бірлескен білім беру бастамалары талқыланды.
Осыған қоса, университетте Ставрополь мемлекеттік аграрлық пен медициналық университеттерде оқитын қазақстандықтарды қоса алғанда студенттермен кездесу өтті. Бас консул сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтті, студенттерді оқу үдерісі барысында білімдерін тереңдетуге және кәсіби дағдыларын дамытуға шақырды. Студенттерге консулдық есепке қою қажеттілігі және Ресей Федерациясының заңнамасын міндетті түрде сақтау туралы толық ақпарат берілді.
Ставрополь өлкесінің өндірістік әлеуетін зерттеу мақсатында Бас консул өңірдің бірқатар өнеркәсіптік нысандарын – «Ставрополь химиялық компаниясы» ЖШҚ және «Тайфун-Инновация» зауыттарын (сусымалы өнімдерді қуыру және өңдеу жөніндегі жабдықтарды шығару бойынша) аралады. Кәсіпорындар басшылығымен әңгімелесу барысында Қазақстанмен өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі кеңейту туралы жан-жақты пікір алмасу өтті.
2026 жылғы 30 қыркүйекте Астрахан облысы Володар ауданы Козлово ауылының «Дружба саябағында көрнекті қазақ күйшісі және композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай домбырашылардың ауқымды акциясы өтті
Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығы ұйымдастырған іс-шарада әр түрлі жастағы 100-ден астам музыкант Дина Нұрпейісованың әйгілі «Той бастар» күйін орындады
Іс-шараға Құрманғазы мәдени орталығының әртістері, Астрахан өнер колледжінің оқушылары мен оқытушылары, Красноярск және Володар аудандарының «Атамекен ансамбльдері, Қамызяк балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері (Жанаул ауылындағы филиалы) Ахтубинск қаласы мен Красный Яр ауылының балалар өнер мектептерінің оқушылары сондай-ақ әуесқой ұжымдар қатысты
Ауқымды іс-шараның басты мақсаты - жас ұрпақты халық музыкамен таныстыру, домбырада ойнау өнерін насихаттау, сондай-ақ Дина Нұрпейісованың бай шығармашылық мұрасына терең құрмет көрсету
Анықтама: Дина Нұрпейісова қазақ музыкасы тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі Ол 1861 жылы туып, тоғыз жасында аты аңызға айналған күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шәкірті болды
Бұл іс-шараны Астрахан облысында өткізудің тарихи себебі бар Дина Нұрпейісова 1922-1937 жылдар аралығында Козлово ауылында тұрып, домбыра үйреніп жүрді және кейін жалпыға танымал болып қалды.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев XII Санкт-Петербург Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты.
«Кино» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде ол Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыға эвакуацияланған орталық киностудиялар қазақстандық кинематографтың дамуына қуатты серпін бергенін еске салды.
Сондай-ақ, Елші 1980 жылдары БМКИ-де (ВГИК) қазақстандықтардан арнайы шеберхана жинақтаған танымал кинорежиссер Сергей Соловьевтің қосқан үлесі туралы атап өтті. Бұл мақсатты топ кино тарихындағы аңызға айналған оқиға болып, «Қазақ жаңа толқыны» феноменінің пайда болуына негіз қалады.
Д.Абаев Қазақстан мен Ресей кинематографистері ынтымақтастығының өсіп келе жатқан серпінін ризашылықпен атап өтті. Елдер жыл сайын ондаған фильмдерін прокатқа шығарады, ресейлік кинокомпаниялар түсірілім үшін қазақстандық локацияларды жиі пайдаланады. Табысты ынтымақтастықтың мысалдарының ішінде ол «Почтальон Победы» (Жеңіс пошташысы) әскери-тарихи драмасын атады, сондай-ақ көрнекті композитор Евгений Брусиловский туралы Қазақстан-Ресей бірлескен фильмі бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты.
Осылайша, кинематография ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, сонымен бірге диалог үшін кеңістік құра алады, деп қорытындылады Елші.
XII Санкт-Петербург Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның қатысушылары арасында мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен бизнестің өкілдері, сарапшылар мен журналистер бар. Олар идеялармен алмасады, қазіргі мәдени ортаның даму тенденциялары мен өзекті мәселелерін талқылайды. Биылғы жылы «Біріккен мәдениеттер – ортақ құндылықтар» тақырыбындағы форумға 70 елден 2,5 мыңға жуық қатысушы жиналды.
2026 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында Астрахань қаласында «Ресей-Қазақстан: Достық Көпірі» атты Каспий өңірінің халықаралық мәдени форумы өтті.
Форумның ресми бағдарламасына Қазақстан Республикасынан «Jas Tolkyn -Жас Толқын» жас таланттар байқауының жеңімпаздары қатысқан «КҚК - Дарынды балаларға» халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауының үшінші аймақтық кезеңі кірді.
Форум аясында Ресей мен Қазақстанның танымал мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысуымен практикалық тәжірибе алмасуға және дағдыларды, біліктілікті және шығармашылық шеберлікті арттыруға бағытталған мәдени шеберлік сабақтары мен семинарлар өтті.
Іс-шараның қорытындысы ретінде Астрахан мемлекеттік филармониясында өткен қазақстандық балалар шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті, сондай-ақ Астрахан опера және балет театрының сахнасында өткен фестивальдің салтанатты жабылуы және Астрахан облысы мен Қазақстан Республикасының балалар ұжымдары мен солистерінің қатысуымен «Еділ бойымен Каспийге дейін бір толқын» бірлескен гала-концерті болды.
Анықтама үшін: «Jas Tolkyn - Жас Толқын» байқауы «КҚК - Дарынды балаларға» халықаралық бастамасының бөлігі ретінде Қазақстанда 2019 жылдан бері «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ қолдауымен өткізіліп келеді және консорциум жұмыс істейтін аймақтардағы дарынды балаларды қолдауға бағытталған.
Биыл байқауға Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан 9 жастан 18 жасқа дейінгі қатысушылардан 1500-ге жуық өтінім келіп түсті. Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: «Вокал», «Хореография», «Аспаптық жанр», «Дәстүрлі ән» және «Әлеуметтік бейнеролик».
Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар жыл соңында Мәскеуде өтетін «КҚК - Дарынды балаларға» халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болады.
Ресей Федерациясында жоба Астрахан облысын, Қалмақ Республикасын, Ставрополь және Краснодар өлкелерін қамтиды.
Жобаның мақсаты - өңірлердегі халық мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға қолдау көрсету, жас ұрпақты шығармашылықпен таныстыру, талантты және дарынды балаларды анықтау, мәдени диалог пен тату көршілік қарым-қатынастарды дамыту.
Қазақстан Республикасының Ақмола облыстық орыс драма театры Астрахан драма театрында өтетін «Театралды дельта V Халықаралық фестивальфорумына қатысуда.
Қазақстандық әртістер Астрахань көрермендеріне үш қойылым ұсынды: Мұхтар Әуезовтің «Көксерек», Флориан Зеллердің «Ұл» және Александр Островскийдің «Қасқырлар мен қойлар».
Фестивальдің гастрольдік бағдарламасына А.П.Чехов атындағы Мәскеу көркемөнер театрының, Вахтангов театрының, Васильевскийдегі театрдың және Астрахан драма театрының қойылымдары да кірді.
Фестиваль аясында сондай-ақ танымал режиссерлердің, продюсерлердің, театр сыншыларының және жетекші театрлардың жетекшілерінің қатысуымен «режиссерлік зертхана», шеберлік сабақтары, дәрістер және театр қойылымдары бойынша дөңгелек үстел талқылауларын қамтитын кең білім беру бағдарламасы өтеді.
Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті.
akorda.kz
Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.
akorda.kz