
Ағымдағы жылдың 26 наурызында Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен Астрахан облысы Володарский ауылындағы өнер мектебінде ұлы ақын, ойшыл және ағартушы А.Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Туған тіл – жан тынысы» тақырыбында жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында қазақ тілінде мәнерлеп оқу бойынша байқау жарыс өтті.
Байқауға жалпы облыстағы білім беретін мектептерден 27 оқушы қатысты. Жеңімпаздарға қазақ тілін оқытуда қол жеткізген нәтижелері үшін Бас консулдық атынан Бурабайдағы «Жас қазақ» жазғы лагеріне жолдамалар табысталды.