ҚР Бас консулы Астрахан мемлекеттік медицина университетінде болды

ҚР Бас консулы Астрахан мемлекеттік медицина университетінде болды

Бас консул Қанат Хасенов Астрахан мемлекеттік медицина университетінде болып, оқу орнының ректорымен және қазақстандық студенттермен кездесулер өткізді.

Медицина университетінің ректоры Сергей Поройскиймен кездесу барысында Бас консул университеттің қызметімен және даму жоспарларымен, сондай-ақ студенттерді оқыту шарттарымен танысты. Сонымен қатар, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, Астрахан университетінің Қазақстандық медициналық оқу орындарымен байланысын нығайту мәселелері қаралды.

Университетте оқитын қазақстандық  студенттермен кездесуде Қ.Хасенов Бас консулдықтың қызметі мен оның жұмыс бағыттары, ҚР азаматтарын консулдық есепке қоюдың маңыздылығы және Ресей Федерациясы заңнамасы талаптарының міндетті сақталуы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, сапалы білім алудың маңыздылығын атап өтіп, студенттерді оқу үдерісі барысында білімдерін тереңдетуге және кәсіби дағдыларын дамытуға шақырды. Кездесу диалог форматында өтті, оның барысында қазақстандық студенттерді толғандыратын мәселелер талқыланды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы бірлескен іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар білдірілді.