Атырау облысының делегациясы Астрахан әріптестерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Атырау облысының делегациясы Астрахан әріптестерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Атырау облысы әкімінің орынбасары М. Мурзиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы жұмыс сапарымен Астрахан облысында болды. Делегация құрамында салалық басқарма басшылары, АӨК саласындағы кәсіпорындардың өкілдері мен фермерлер бар.

Қазақстандық делегация  "Тұқымдар, өсімдіктерді қорғау құралдары, Агротехнология. Астрахан 2025" көрме-конференция жұмыстарына қатысты. Іс-шара аясында  қатысушылар Ресей тарапының презентациялық баяндамаларымен танысты, өсімдік шаруашылығы саласын дамытудың негізгі бағыттарын талқылау және инновациялық агротехнологияларды енгізу бойынша семинарларға, тренингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысты.

Көрме-конференция аясында Атырау делегациясы мүшелерінің Астрахан облысы Үкіметі төрағасының орынбасары Илья Волынскиймен кездесуі өтті, оның барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Көрме барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда Атырау облысы әкімінің орынбасары М.Мурзиев Астрахан облысының билік органдарының өкілдерімен, АӨК өңірлік және федералдық құрылымдарының басшыларымен ауыл шаруашылығы саласындағы шекара маңындағы өңірлердің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегациясының Астрахан облысының "Астрахан сауда-өнеркәсіп палатасы" Одағында іскерлік қоғамдастықтың жергілікті өкілдерімен кездесуі өтті, оның барысында қатысушылар өз мүмкіндіктерін таныстырып, өнеркәсіп пен АӨК салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Қазақстандық кәсіпкерлер Астрахан облысындағы бірқатар өндірістік алаңдарды аралады.