
Ү.ж. 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қ.Хасенов Астрахан облысы Думасының төрағасы И.Мартыновпен кездесу өткізді.
И.Мартынов Қ.Хасеновті өңірдегі Қазақстан Республикасының Бас консулы қызметіне ресми кірісуімен құттықтады.
Кездесу барысында тараптар екі елдің шекаралас аймақтары арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың перспективасын, сондай-ақ Астрахан облысының үкіметі мен Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.