Бас консул Астрахан облысы Үкіметінің төрағасымен кездесті

Бас консул Астрахан облысы Үкіметінің төрағасымен кездесті

Бас Консул Қанат Хасенов Астрахан облысының вице-губернаторы – Үкімет төрағасы Денис Афанасьевпен кездесті.

Аталған кездесуге сондай-ақ Астрахан облысы Үкіметі төрағасының орынбасары Илья Волынский және өңірдің Сыртқы байланыстар министрі Владимир Головков қатысты. Күн тәртібінде екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.

Тараптар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан мен Ресей өңірлері арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйі мен кеңейту перспективаларын талқылады. Кеме жасау және сауда салаларындағы жүзеге асырылып жатқан табысты екіжақты өзара іс-қимылдар атап өтілді.

Сонымен қатар, тараптар Атырау облысы әкімнің орынбасары Марат Мурзиев бастаған делегацияның Астрахан облысына таяуда болатын сапарының күн тәртібін талқылады. Қазақстандық делегация "Астрахан облысының АӨК-дегі Атырау облысымен ынтымақтастығының өзекті мәселелері" атты дөңгелек үстелге, сондай-ақ "Тұқымдар, өсімдіктерді қорғау құралдары, агротехнологиялар. Астрахан 2025" көрме-конференцияға қатысады.

Атыраулық делегацияның сапары барысында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екі елдің шекаралас өңірлерінің іскер топтарының кездесуін өткізу туралы тиісті  уағдаластыққа қол жеткізілді.