Қазақстанның Бас консулдығында "Жолдастық" қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстанның Бас консулдығында "Жолдастық" қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының өкілдерімен кездесу өтті

Бас консул Қанат Хасенов  "Жолдастық" қазақ мәдениеті Астрахан өңірлік қоғамдық ұйымының  төрағасы Равиль Арықбаев бастаған қоғам өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында қоғамдық ұйымның қызметімен, оның тарихымен, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмысымен танысып,  одан әрі тығыз өзара іс-қимыл, алдағы уақытта мәдени-гуманитарлық салада жоспарланған бірлескен іс-шаралар, Астрахан облысының аумағында қазақ тілі мен қазақ мәдениетін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Өзара сұхбат кезінде  тараптар екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы мен  Астрахан облысының қазақ диаспорасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық көпірі болып табылатынын атап өтті. Өз кезегінде, қонақтар Бас консулдыққа Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандастарына ұдайы көңіл бөлгені үшін шынайы алғыс айтып, қандастармен өзара іс-қимыл жасау жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.