
Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов Түрікменстанның Астрахандағы консулдығына ізгілік сапарымен барып, түрікмен дипломатиялық миссиясының басшысы Гадам Иламановпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында түрікмен дипломаты өзінің қазақстандық әріптесін қызметіне кірісуімен құттықтап, оның жауапты лауазымына жемісті қызмет тіледі.
Сондай-ақ, әңгіме барысында дипломаттар өздерінің жұмыс тәжірибесімен және өңірлік ынтымақтастықпен бөлісті, бұл ретте әңгімелесушілер бірлескен өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.