Астрахан облысының Қараөзек ауылында қазақ музыкасының концерті өтті

Астрахан облысының Қараөзек ауылында қазақ музыкасының концерті өтті

Астрахан облысы Красноярск ауданының Қараөзек ауылында қазақстандық өнертанушы, Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің солисті Ақнар Тәттібайқызының концерті өтті.

Қазақстандық өнерпаз Қараөзек көрермендеріне ежелгі қобыз музыкалық аспабында ойнап, қазақ композиторы Ы. Дүкенұлының (1843-1916) өмір мен өлім туралы архаикалық әуендері, сондай-ақ жануарлар әлеміне байланысты әуендер - "Қасқырлардың ұлуы", "Ақ аққу", "Жезкиік" күйлері орындалды.