Қазақстан Республикасының Бас консулы Иран Ислам Республикасының Астраханьдағы Бас консулдығына барды

Қазақстан Республикасының Бас консулы Иран Ислам Республикасының Астраханьдағы Бас консулдығына барды

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы лауазымына кіріскен Қанат Хасенов Иран Ислам Республикасының Астрахандағы Бас консулы Мехди Акучекианимен кездесті.

Кездесу барысында ирандық дипломат қазақстандық әріптесін дипломатиялық қызметтің  жауапты лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жаңа бағытта жемісті қызмет тіледі.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Бас консулдар дипломатиялық жұмыс және өңірлік ынтымақтастық тәжірибелерімен бөлісті, бұл ретте әңгімелесушілер өзара пайдалы ортақ іс-қимылдарға бірлесіп жұмыс істеуге сенім  білдірді.