
Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Ханат Хасенов Ресей СІМ Астрахандағы өкілі Олег Коломинмен кездесті.
Кездесу барысында екі елдің шекара маңы ынтымақтастығы мен өңіраралық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша Астрахан қаласындағы РФ СІМ өкілдігі мен Бас консулдық арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Бұл ретте екіжақты диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты сақтау мен дамытудағы дипломатиялық миссияның рөлі атап өтілді.