
Екі елдің шекара маңы ынтымақтастығының таяудағы жоспарларын талқылау шеңберінде Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасеновтың Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрі Владимир Головковпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның шекаралас өңірлерімен ынтымақтастықты дамыту, сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік, білім беру, мәдениет және спорт сияқты салалардағы өзара іс-қимылды арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан үшін Ресей Федерациясы стратегиялық серіктес болып табылады. Екіжақты қатынастарда өңірлермен, оның ішінде Астрахан облысымен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.