Қазақстан Республикасының Бас консулы Астрахан облысының губернаторымен кездесті

Қазақстан Республикасының Бас консулы Астрахан облысының губернаторымен кездесті

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасенов Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесті.

Өңір басшысы қазақстандық дипломатты қызметіне кірісуімен құттықтап, оған табыс тіледі. Сонымен қатар, И.Бабушкин Қазақстан Республикасы Астрахан облысының негізгі серіктестерінің бірі болып табылатынын, олармен тығыз сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар орнатылғанын атап өтті. Тараптар өңіраралық өзара іс-қимылға ұдайы ерекше назар аударып келеді. Астрахан облысы мен Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары арасында жан-жақты  ынтымақтастық жыл өткен сайын дамуда.  Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысымен байланысты жандандыру жоспарланып отыр.

Қ.Хасенов Қазақстан өңірлерінің Астрахан облысымен ынтымақтастығын одан әрі нығайту  Қазақстан Республикасы Бас консулдығы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Қазақстан-Ресей шекаралары маңында сауда орталығын құру, тауар айналымы көлемін ұлғайту және екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың басқа да бағыттары бойынша мәселелер қаралды.