
Н.К. Крупская атындағы Астрахан облыстық ғылыми кітапханасында Каспий маңы өңірі елдерінің достық әдебиеттер орталығының базасында Ресей мен Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған «Мир вашему дому» тақырыбында лингвистикалық-елтану кездесуі өтті.
Аталған іс-шараға Астрахан жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, "Жолдастық" өңірлік қазақ қоғамдық ұйымының өкілдері, сондай-ақ «Астраханские россы» орыс ән ансамблі қатысты.
Мәдени кездесу барысында орыс және қазақ тілдерінде музыкалық және поэтикалық қойылымдар көрсетіліп, қазақтың белгілі композиторы Құрманғазы Сағырбаев туралы деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді.
Сонымен қатар Атырау облысынан бейнебайланыс арқылы "Былина" орыс этномәдени бірлестігінің басшысы А.Кораблев қатысып, Қазақстандағы орыс мәдениеті туралы айтып берді.
Кездесу аясында "Достықта бірлік: Ресей-Қазақстан" атты кітап – иллюстрациялық көрменің тұсаукесері өтті, онда орыс және қазақ халықтарының салт-дәстүрлері туралы әдебиеттер, екі елдің табиғаты, халқы, экономикасы, мәдениеті туралы кітаптар, орыс және қазақ жазушылары мен ақын-жазушылардың көркем шығармалары ұсынылды.