
Астраханда "ЮНТЕХ" II-ші жас сарбаз техникалық форумы өтті. Бұл іс-шараға Атырау облысынан "Жас Сарбаз" республикалық әскери-патриоттық қозғалысының өңірлік филиалының белсенділері – "Сармат" мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатының оқушылары қатысты.
Форумның ашылу қарсаңында Атыраудан келген делегация Володар ауданы Алтынжар ауылындағы Құрманғазы атындағы кесене мен өңірлік мәдени орталықта болды.
Астрахан және Атырау облыстарының жас сарбаздары 3D модельдеу, лазерлік технологиялар, электр монтаждау процестерін автоматтандыру және басқа да алаңдардағы шеберлік сабақтарына қатысты, онда форум серіктестері оларға озық техниканың жаңалықтары туралы ақпаратпен бөлісті.