Астраханда ардагерлер арасында футболдан халықаралық турнир өтті

Астраханда ардагерлер арасында футболдан халықаралық турнир өтті

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Астрахан қаласының орталық стадионында «Құрманғазы атындағы облыстық мәдениет орталығының кубогына» арналған ардагерлер арасында футболдан халықаралық турнир өтті.

Турнирге Ресей Федерациясының Астрахан облысы, Қалмақ Республикасынан, Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарынан келген 8 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Камызяк қаласының командасы бірінші орынды, Қазақстан Республикасының Ақтау қаласының «Мобил сервис» командасы екінші орынды, Қалмақ Республикасынан келген «Ұлан Залата» командасы үшінші орынды иеленді.