Волгоградта трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау бойынша отырыс өткізілді

Волгоградта трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау бойынша отырыс өткізілді

Ағымдағы жылдың 6-8 қарашасында Волгоград қаласында Ресей Федерациясының Су ресурстары федералдық агенттігі басшысының орынбасары В.Никаноровтың және Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі Н.Алдамжаровтың төрағалығымен Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен ресейлік-қазақстандық комиссияның XIV отырысы өтті.

Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында ұзақ мерзімді ресейлік-қазақстандық су шекарасындағы ынтымақтастықты реттейтін трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы арнайы келісім жасалды.