Астраханда ғылыми-теологиялық конференция өтті.

Астраханда ғылыми-теологиялық конференция өтті.

Астраханда "Дәстүрлі ислам: Тұжырымдама, мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер" тақырыбында I Халықаралық ғылыми-теологиялық конференция өтті. Бұл іс-шараға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанның діни ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы С.Қ. Әлібаев қатысты.

Конференцияда мұсылман қауымдарының дәстүрлі ислам мен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты қауіп-қатерлерге қарсы іс-әрекеттер саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Қатысушылар мұсылмандардың аймақтық діни басқармалары, жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері арасындағы өзара іс-қимылға байланысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасты.