
Астраханда Каспий өңірі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палаталарының халықаралық іскерлік ынтымақтастық кеңесінің "Іскерлік Каспий: Каспий өңірі елдерінің экономикалық өсуі үшін жаңа сын-қатерлер мен бірегей мүмкіндіктер" атты XXI отырысы өтті.
Аталған іс-шараға сауда-өнеркәсіп палаталарының, мемлекеттік және өңірлік атқарушы және заң шығарушы билік органдарының, іскер топтардың 150-ге жуық өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар мен саясаттанушылар, Каспий маңы елдерінің қоғамдық ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Іс-шарада Қазақстаннан Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Сүйінбаев, "Атамекен" ҰКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Г.Жұмағалиева, сондай-ақ іскер топтарының өкілдері қатысты.
Отырыс аясында тақырыптық дөңгелек үстелдер өткізілді. СӨП халықаралық іскерлік ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысушылар B2B форматында келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Астрахан облысының өнеркәсіптік, көліктік-логистикалық кәсіпорындары мен туристік нысандарын аралады. Сонымен қатар, қатысушылар ақпарат алмасуды жандандыру, еркін экономикалық аймақтар аумағында кооперацияға қатысуға өңір елдерінің компанияларын тартуға жәрдемдесу, бірлескен конгресс-көрме іс-шаралары мен бизнес-миссияларды өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.