
Ағымдағы жылдың 29 қазанда ҚР РФ Елшісі Д.Абаев пен РФ Сауда-Өнеркәсіп палатасының президенті С.Катырин өткен бірлескен кездесу барысында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты тауар айналымын ұлғайту мәселелерін талқылады.
Д.Абаев ресейлік әріптестерін Қазақстанның ағымдағы инвестициялық ахуалы туралы хабардар етіп, көлік-логистика саласының әлеуетін және ҚР Үкіметі жанындағы инвестициялық штаб тарапынан инвесторлардың белсенді қолдауын атап өтті.
Өз кезегінде, Ресей Федерациясының СӨП Президенті Ресейдің 70-тен астам өңірлік палаталары Қазақстанмен іскерлік және өнеркәсіптік өзара іс-қимылды дамыту мәселелерінде белсенді ынтымақтастық орнатылғанын айтты.
Сондай-ақ тараптар Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау тетігі шеңберінде жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлескен іс-шараларды өткізуге уағдаластыққа қол жеткізілді.