
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Б. Бердалин бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Астрахан облысында болды.
Аталған сапар Ресей Федерациясының Балық шаруашылығы Федералдық агенттігімен өзара әріптестік іс-қимылдар аясында өтті.
Сапар шеңберінде Қазақстан делегациясы "БИОС" ғылыми-эксперименттік кешеніне, "Главрыбвод" Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесіне қатысты "Лебяжий" бекіре балық өсіру зауытына, "Бүкілресейлік балық шаруашылығы және океанография ғылыми-зерттеу институтының" Еділ-Каспий филиалына, сондай-ақ "ГФКХ Джантуреев А.Х." жеке кәсіпкерлік Бекіре өсіру шаруашылығына барып, ресейлік балық шаруашылығының жұмыстары мен дамыту тәжірибелерімен танысты.