
Астраханда "Каспий ойындары" халықаралық спорттық іс-шарасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарыс университеттер қауымдастығы мен Каспий маңы елдерінің ғылыми-зерттеу орталықтарының универсиадасы форматында өтуде.
"Каспий ойындарының" ұйымдастырушылары - Ресей Федерациясының Спорт министрлігі, Астрахан облысының Үкіметі, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығы және Астрахан мемлекеттік техникалық университеті болып табылады.
Спорттық сайысқа Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран, Түрікменстан елдерінен 700-ден астам студенттері және Астрахан жоғары оқу орындарында оқитын Сенегал, Марокко, Гаити, Камерун, Гвинея-Бисау, Чад, Тунис, Египет, Гана сияқты 15 шет мемлекеттердің жастары қатысады:
Студенттік ойындар бағдарламасына жеңіл атлетика, жүзу, шағын футбол, волейбол, баскетбол, дойбы, шахмат, самбо және фиджитал спорт түрлері кіреді.