
Үстіміздегі жылғы 12 қазанда Астрахан қаласында "Астана-Астрахан" достық концерті өтеді. "Қазақконцерт "пен Астрахан филармониясының шығармашылық ұжымдары қатысатын аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік және халықаралық байқаулардың лауреаты Ибрахим Амин өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасында Моцарт, Беллини, Гуно, Пуччини операларынан ариялар, Чайковский мен Рахманиновтың романстары, Кальман опереттасынан ариялар, Неаполитандық және қазақ халық әндері, И.Дунаевскийдің және қазіргі қазақ композиторларының шығармалары орындалады.