
Астрахан драма театрының сахнасында "Театр дельта" III Халықаралық фестиваль-форумы аясында Көкшетау қаласынан келген Ақмола облыстық орыс драма театрының қойылымы болды.
Қазақстандық театрдың А.С. Пушкиннің "Станция күзетшісі" повесі бойынша қойылымы аншлагпен өтті. Орыс әдебиетінің классигі шығармасының негізгі мәтінінен өзгеше жасалған қазақстандық режиссер Тимур Куловтың авторлық идеясы көрермендер тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.
Фестиваль аясында Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев пен Астрахан драма театрының директоры Лилия Гурко театрлар арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.