
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы көмірсутек кен орындарын игерумен айналысатын "Қаламқас Хазар Оперейтинг" компаниясының өкілдері ресейлік "ЛУКОЙЛ" компаниясының әріптестерінің тәжірибесін зерделеу мақсатында Астрахан облысында болды.
Сапар барысында қазақстандық делегация Солтүстік Каспийде орналасқан "ЛУКОЙЛ" ЖАҚ теңіздегі мұзға төзімді стационарлық кешенінің жұмысымен танысып және мұнайдың қалай өндірілетіні, тазартылатыны және өңделетіні көрсетілді. Сондай-ақ "Лукойл-Нижневольскнефть" ЖШҚ кеңсесінде өндірістік кеңеске қатысты. Қонақтарға өрт сөндіру полигоны, оқу аудиториялары және ашық теңізде адамдардың өмір сүру дағдылары пысықталатын бассейні бар арнайы тренажер кешені көрсетілді.