
Ағымдағы жылдың 28 тамызда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясы Астрахан қаласындағы Бас консулдығы мен Астрахан облысы Үкіметіні өкілдері тарапынан аймақтағы Володар ауданы Калинино ауылына және Камызяк ауданы Семибугры ауылына іссапар ұйымдастырылды.
Іс шара барысында Бас консулдық тарапынан екі ауылдағы қандастар оқитын орта мектептердегі қазақ тілі кабинеттеріне заманауи «Samsung» теледидарлары, «Asus» ноутбуктері, веб-камералар мен аудиокалонкалар табысталды.
Мемлекеттік тілді насихаттау мен меңгеру мақсатында жергілікті қазақ диаспора өкілдерімен кездесу өткізілді. Өңірдегі қазақ тілін қолдану мен үйренуге қажетті жағдайлар туралы пікір алмасылды.